Инвесторға
«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ

Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған индустриалды-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау шаралары:

  • Кәсіпорынның құзыреттілігін жоғарылатуға шығындарды өтеу - қолдау 40%, бірақ күнтізбелік жылда 30 млн. теңгеден аспайды;
  • Өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға шығындарды өтеу - қолдау 40%, бірақ күнтізбелік жылда 60 млн. теңгеден аспайды;
  • Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға шығындарды өтеу - қолдау 40%, бірақ күнтізбелік жылда 60 млн. теңгеден аспайды;
  • Технологиялық процестерді жақсарту шығындарының орнын толтыру 40% құрайды, бірақ күнтізбелік жылда 60 млн. теңгеден аспайды.
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарықта жылжыту шығындарының бір бөлігін өтеу
Қазақстан аумағында қолдануға рұқсат етілген жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес отандық өңделген тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін растау кезінде шеккен шығындарды өтеу.

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің тауарларды жылжыту шығындарының бір бөлігін өтеу:
  • шетелде тауарларды жарнамалауға байланысты шығындар;
  • шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдерге тікелей қатысу шығындары;
  • шет тілдеріне аударуға және шетелде таратуға арналған мамандандырылған каталогты шығаруға байланысты шығындар;
  • шетелде өкілдік, сауда және қойма ұстау шығындары;
  • тауар таңбаларын (брендін) шетелде тіркеуге байланысты рәсімдердің құны;
  • шетелде тауарларды сертификаттауға байланысты рәсімдер шығындары;
  • тауарларды темір жол, автомобиль, әуе, теңіз көлігімен жеткізу және тасымалдауды ұйымдастыру.
Инновациялық гранттар:
  • Технологияларды коммерцияландыруға арналған грант - 50% қолдау, бірақ 200 млн. теңгеден аспайды; 
  • Қолданыстағы кәсіпорындарды технологиялық дамытуға грант - лицензиялық келісім бойынша 70% қолдау және технологияның ажырамас бөлігі болып табылатын жабдықты сатып алуға 50%, 400 млн. теңгеден аспайды; 
  • Өнеркәсіптің технологиялық дамуына грант - лицензиялық келісім бойынша 70% қолдау және технологияның ажырамас бөлігі болып табылатын жабдықты сатып алуға 50%, технологиялық құзыреттілікті арттыруға 500 млн. теңгеден аспайтын шығындарға 85% қолдау.
www.kidi.gov.kz