Шетелдік инвесторлар кеңесі (ШИК) - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган.
Жұмыс органы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті.
ШИК негізгі мақсаты мен міндеттері:
Инвестициялық саясат пен елдің экономикалық дамуының негізгі аспектілері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу:
- Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын айқындау;
- Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту;
- Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру;
- Қазақстан Республикасында экономиканы әртараптандыруға, өнеркәсіп секторын индустрияландыруға және шағын және орта бизнесті дамытуға шетелдік компанияларды жылжыту;
- Қазақстан Республикасы экономикасының әлемдік экономикалық процестерге кірігуі;
- Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту стратегиясы;
- Қазақстан Республикасының халықаралық маңызы бар ірі инвестициялық бағдарламалары мен жобаларын іске асыру.
Мүшелік шарттары: Қазақстан Республикасының экономикасына жер қойнауын пайдалану саласында жұмыс істейтін инвесторлар үшін кемінде $500 млн және экономиканың өзге секторларындағы инвесторлар үшін кемінде $125 млн сомаға тікелей инвестициялар салу. Қазіргі уақытта құрамына 32 халықаралық ұйым және 5 бақылаушы кіреді.