Шетелдік инвесторлар кеңесі (ШИК) - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган.
Жұмыс органы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті.
ШИК негізгі мақсаты мен міндеттері:
Инвестициялық саясат пен елдің экономикалық дамуының негізгі аспектілері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу:
Мүшелік шарттары: Қазақстан Республикасының экономикасына жер қойнауын пайдалану саласында жұмыс істейтін инвесторлар үшін кемінде $500 млн және экономиканың өзге секторларындағы инвесторлар үшін кемінде $125 млн сомаға тікелей инвестициялар салу. Қазіргі уақытта құрамына 32 халықаралық ұйым және 5 бақылаушы кіреді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық - кеңесші орган.
Үйлестіру кеңесінің мақсаты - Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Үйлестіру кеңесінің төрағасы болып табылады.
Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеті:
Нұр-Сұлтан қаласындағы инвестицияларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңес. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган.
Өңірлік кеңестің мақсаты – қолайлы инвестициялық ахуал жасау, инвестициялық қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты Нұр-сұлтан қаласының аумағында өндірістік күштерді орналастыру мәселелерін қарау.
Қала әкімі Нұр-Сұлтан өңірлік кеңестің төрағасы болып табылады.
Өңірлік кеңестің негізгі міндеттері:
Бүгінгі таңда 2019 жылдан бастап қала әкімі А.С. Көлгіновтің төрағалығымен Нұр-сұлтан қаласына инвесторларды тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің 11 отырыстары өткізілді, олардың шеңберінде 86 жобалар (оның ішінде АЭА жобалары) қаралды, оның ішінде 6000 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, жалпы сомасы шамамен 202 млрд. теңге болатын Astana Invest сүйемелдейтін 66 жоба.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА БОЙЫНША
(оның ішінде инвестициялық басым жоба) қарастырылған:
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының тұрақты активтеріндегі инвестиция көлемінен 30% артық емес ең жоғары мөлшері.
Мемлекеттік заттай гранттар ретінде берілуі мүмкін:
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАСЫМ ЖОБА БОЙЫНША
қосымша қамтамасыз етіледі (Шикізат пен материалдарды импорттауда ҚҚС қоспағанда):
Арнайы инвестициялық жоба үшін қарастырылған:
Арнайы экономикалық аймақтың немесе еркін қойманың аумағында өндірілген дайын өнімнің бөлігі ретінде технологиялық жабдықты, оның құрамдас бөліктері мен қосалқы бөлшектерін, шикізат және (немесе) материалдар, сондай-ақ шикізат және (немесе) материалдарды импорттау кезінде:
шикізат импортына қосылған құн салығынан босату.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі
«Астана – жаңа қала» АЭА (2 шартты ішкі-аймақ) |
|
Ауданы |
7 018,72 га |
Қолданылу мерзімі |
2027 ж. дейін |
Қатысушылардың саны |
199 |
Басқару органы |
«Астана - Технополис» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ (АЭА БК) |
Әкімшілік бизнес орталығы |
|
Ауданы |
6 420,62 га |
Жобалардың саны |
127 |
Инвестициялар көлемі |
2,149 трлн. тенге |
Индустриалды парк №1 |
|
№ ЖК 1 ауданы |
598,1 га |
Жобалардың саны |
72 |
Инвестициялар көлемі |
230 млрд. тенге |
Шығарылатын өнімнің суммасы |
1 550 млрд. тенге |
Аумақтың толықтығы (%) |
95 |
Салалар |
Өңдеу өнеркәсібі (бірнеше ерекшеліктермен); «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының №1 индустриалды паркінің интерактивті картасы |
«Астана - Технополис» АЭА (3 шартты ішкі аймақ) |
|
Ауданы |
631,92 га |
Қолданылу мерзімі |
2042 ж. дейін |
Қатысушылардың саны |
9 |
Басқару органы |
«Астана - Технополис» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ (АЭА БК) |
Назарбаев Университеті |
|
Ауданы |
151,32 га |
Жобалардың саны |
8 |
Инвестициялар көлемі |
5,56 млрд. тенге |
Көрсетілетін қызметтер көлемі |
228,5 млн. тенге |
Сулы-жасыл бульвары |
|
Ауданы |
47,5 га |
Жобалардың саны |
1 |
Инвестициялар көлемі |
328,5 млрд. тенге |
№2 индустриалды парк |
|
Ауданы |
433,1 га |
Жобалар саны | 0 |
Инвестиция көлемі | 0 |
Салалар |
|
АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған өтініштің үлгі нысаны
АЭА қатысушысы ретінде тіркеуге арналған сауалнаманың үлгі нысаны
Жобаларды іріктеу қағидалары мен өлшемшарттары
Өтініш берушіге қойылатын талаптар
Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы қызметті жүзеге асыру туралы шартқа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне (негіздемесіне) сәйкес келетін мөлшерде қаржылық қамтамасыз етудің болуын растауға міндетті.
Арнайы экономикалық аймақ қатысушысын қаржылық қамтамасыз ету мынадай тәсілдермен қалыптастырылады:
Кім АЭА қатысушысы бола алмайды
АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған құжаттар тізбесі
Салық |
АЭА-да |
АЭА-дан тыс |
Корпоративтік табыс салығы |
0% |
20% |
Жер салығы |
19,6 KZT/м2 |
|
Мүлік салығы |
1,5% |
|
Қосылған құн салығы |
12% |
Кедендік преференциялар
АЭА аумағына әкелу кезінде шикізат пен жабдыққа кедендік баждардан босату |
АЭА-да еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылады |
Кеден және салық төлемдерін төлемей АЭА аумағына әкелу |
Қосымша артықшылықтары
ҚР Салық кодексі
ҚР Жер кодексі
«Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы
Соңғы уақытта МЖӘ аббревиатурасы барлығы сөз ететін жаңа ағым болды, бірақ көбісі оның не екендігін және оны қалай «қолданатындығын» аяғына дейін түсіне бермейді.
Осы әріптестік нақты нені білдіреді, осы құрал, механизм, нысан не үшін қажет және ол тиімді ме және кім үшін. Бұл бірінші кезекте туындайтын сұрақтардың бірі.
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес – мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) – мемлекеттік әріптес мен жекешелік әріптестің арасындағы осы Заңмен анықталған белгілерге сәйкес ынтымақтастықтың нысаны.
Бұл дәстүрлі «тапсырыс беруші – жеткізуші» түсінігінен барлық тартылған тараптар өзінің пайдасын көретін ұзақ мерзімді және толыққанды әріптестікке көшуді білдіретін әріптестік.
Мемлекеттік әріптес жекешелік әріптеспен қаржыландырылған және басқарылатын объектіні (объектілерді) алады. Жаңа жұмыс орындарын, бюджетке салықтар мен төлемдерді жасау.
Жекешелік әріптес МЖӘ объектіні тұрғызу (қайта құрылымдау), басқару құқығына ие болады. Осы объектінің негізінде қызметтер көрсете отырып, төлем мен бірқатар өтемақылық шаралар алады.
Халық сапалы және уақытылы қызметтер алады.
МЖӘ механизмін қолдану салалары әр түрлі, бірақ мемлекеттік жауапкершілік салаларымен шектеледі, мысалы білім беру саласы (мектепке дейінгі, орта, орта-арнайы білім беру және жоғары білім беру), денсаулық сақтау саласы (емханалар, ауруханалар және т.б.), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық.
Көптеген аймақтарда үлкен тәжірибеге ие болған әдеттегі мысал бұл мектепке дейінгі білім беру объектілерінің құрылысы. Мемлекеттің тарапынан шектеулі қаржылық мүмкіндіктер болған жағдайда, МЖӘ механизмін қолдана отырып бір уақыттта 5-10 бала бақшаларының құрылысын жүргізу мүмкін.
Мемлекеттік әріптес жер учаскесін ұсынып, қажетті инфрақұрылымды жүргізіп, бала бақшаларын тұрғызу және басқару бойынша сайыс өткізеді. Осыдан бөлек, жекешелік әріптеске жан басына қаржыландыру төлемімен мектепке дейінгі білім беру қызметтерін ұсыну құқығын береді (мемлекеттік тапсырыс).
Жекешелік әріптес ата-аналардан жан басына қаржыландыру, тамақтандыру үшін төлем ала отырып (сомасы МЖӘ Келісімшартымен реттеледі), қаржыландырады, тұрғызады, мемлекеттік меншікке өткізеді және басқарады (халыққа қызметтер көрсетеді). Сонымен қатар жекешелік әріптес өз инвестициялық өтеу құқығына ие.
Халық сапалы қызметтер алады.
Бір мысалдан көріп отырғанымыздай, МЖӘ механизмі тараптардың әрбіріне пайда әкеледі және тек мемлекеттік сұрақтарды емес, сондай-ақ халықтың мәселелерін шешуде жұмыс істейтін механизмдердің бірі болып табылады.
Инвестициялар елдің экономикалық әлеуетін қолдау мен арттыруда маңызды рөл ойнайды. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілігі үшін де, сондай-ақ жалпы Республика үшін де инвестицияларды тартудың басым тәсілі мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі болып табылады. Жобаларды жүзеге асырудағы негізгі құрал ретінде біз МЖӘ механизмі бойынша жеке инвестицияларды көріп отырмыз.
Көп жағдайда МЖӘ жобаларын жүзеге асыру мемлекеттік қолдауды қолдана отырып, оның ішінде жер учаскелерін ұсынумен, инвестциялық шығындарды өтеу және басқа да қаржылық қолдау түрлерін ұсынумен, жеке сектордың есебінен әлеуметтік инфрақұрылым және өмір қамтамасыз ету объектілерін қаржыландыруды, құруды, пайдалануды білдіреді.
Инвесторларды инвестициялық жобаларды іске асыруға және өзара тиімді ынтымақтастыққа тарту мақсатында Нұр-сұлтан қаласы Әкімдігі жанында "Astana Invest" инвестицияларды дамыту қалалық орталығының мемлекеттік-жеке меншік әріптестік департаменті жұмыс істейді, ол өз қызметі шеңберінде қалалық МЖӘ жобаларын консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
МЖӘ департаментінің функцияларына кіреді:
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік ретінде құқықтар мен міндеттерді, тәуекелдерді, шығыстар мен кірістерді теңгерімді бөлу шарттарымен, жобаны жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік әріптес пен жекешелік әріптестің арасындағы ынтымақтастық нысаны түсініледі.
Әр түрлі қолдану схемалары мен механизмдеріне байланысты мемлекеттік-жекешелік әріптестікке деген жоғары қызығушылық мемлекеттік ресурстар мен мүмкіндіктерді біршама тиімді қолдануға, мемлекеттік ресурстар мен мүмкіндіктерді басқа жобалар үшін ішінара босатуға мүмкіндік береді және мемлекеттік мекемелерге тәуекелдерді, инновацияларды бөлудің жақсартылуы, активтерді пайдалану мен басқару әдістерінің жетілдірілуі есебінен ұтымды баға қатынастарына жетуге мүмкіндік беретін жағдайлар ұсынады.
Мысалы, МЖӘ механизмі арқылы жобаны жүзеге асыру кезіндегі артықшылықтар болып табылады:
Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келе, айта кететін жайт, мемлекеттің алдына қойылған мақсаттар мен міндеттердің ауқымдылығы мен еңбек сыйымдылығына қарай мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру мен ұсынудың құралдарын қандай жағдайда қолдану қажеттілігін өздігімен анықтайды.
Аталған бастамалардың айырмашылығы неде: мемлекеттік бастама – бұл мемлекеттік әріптес МЖӘ жобасын бастамалайтын, сайыс жүргізу мен жекешелік әріптесті таңдауға арналған барлық қажетті құжаттаманы дайындайтын жағдай.
ЖҚБ әлеуетті жекешелік әріптестің (ӘЖӘ) бастамасы болып табылады және онымен сәйкес бизнес-жоспар дайындалады. МЖӘ заңнамасына сәйкес, тікелей келіссөздердің негізінде жекешелік әріптесті (ЖҚБ) анықтау тәртіппен анықталады және келесі жағдайларда қолданылады:
1) МЖӘ жобасы меншік құқығында немесе ұзақ мерзімді жалдауда болатын объектіге қатысты ӘЖӘ бастамаланған;
2) МЖӘ жобасы ӘЖӘ тиесілі зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне айрықша құқықты жүзеге асырумен тікелей байланысты.
Нұр-Сұлтан қаласында бірқатар жобалар осының мысалы бола алады: «Сергек» Фотобейнетіркеу АБК», «Астана қаласы әкімшілігінің көлік қызметі», «Нұр-Сұлтан қаласы ақылы көлік тұрағы кеңістігі» және тағы басқалары.
ЖҚБ мәні ӘЖӘ МЖӘ заңнамасына сәйкес бизнес-жоспарды әзірлеп, оны Астана қаласы Әкімшілігінің қарауына енгізуінде жатыр. Өз кезегінде, Нұр-Сұлтан қаласы Әкімшілігінің салалық басқармасы қарастырып не келісім береді, не сәйкес қорытынды ұсыну жолымен бірқатар түзетулер енгізеді.
Осы тұрғыда, бәсекелестік ортаны сақтау үшін жобаның негізгі техникалық-экономикалық параметрлерімен хабарлама ілінеді. Баламалы ұсынымдар болмаған жағдайда, мемлекеттік әріптес және ӘЖӘ тікелей келіссөздерге көшеді.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін инвесторлардың қызығушылықты білдіретін сұрау
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының жалпы білім беретін мектептерінің спорт алаңдарын сенімді басқаруға беру» жобасын жоспарлауға әлеуетті жеке әріптестерді тарту мақсатында МЖӘ тетігін қолдана отырып, осы жобаны іске асыру нұсқаларын жинау үшін әлеуетті жеке әріптестердің қызығушылықты білдіретін сұрау туралы хабарлайды.
Жобамен алдын ала Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының жалпы білім беретін мектептерінің (№15, №16, №18 және 35) спорт алаңдарының аумағын кейіннен жыл бойғы пайдаланумен көпфункционалды жабық спорт алаңдарын салу және пайдалану үшін сенімді басқаруға беру жоспарлануда.
Спорт алаңдарының алдын ала параметрлері:
- ғимарат бір қабатты және жоспарда 24.0*48,0 м өлшемдерді иеленеді;
- тамбур – 3,3 м. ш.;
- вестибюль – 22 м. ш.;
- киім шешетін бөлмелер (ер балалар мен қыз балаларға арналған) – 10,2 м. ш. және 12,4 м.ш.;
- спорт залы – 100,5 м. ш.;
- мед. пункт – 6,3 м. кв.;
- жаттықтырушылар бөлмесі – 8,3 м. ш.;
- жылу торабы – 3,2 м. ш.;
- себезгі бөлмелері ер балалар мен қыз балаларға арналған – 4,0 м. ш.-дан;
- дәретхана ер балалар мен қыз балаларға арналған – 1,7 м. ш.-дан.
Жобаны іске асыру кезеңі МЖӘ шартымен айқындалатын болады.
Осы жобаға қызығушылықты білдіретін сұрау бойынша ұсыныстарды мына мекенжай бойынша ұсыну қажет: Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-сі, 11, 7 қабат, 717 каб.
Ұсыныстарды ұсыну мерзімі: осы сұрау жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн (30.09.2021ж).
Толығырақ ақпаратты «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ-де 8 (7172) 55-68-79 телефоны бойынша және «AstanaInvest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығында 8 (7172) 64-72-12 телефон арқылы алуға болады.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін инвесторлар іздеуде
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі МЖӘ тетігін қолдана отырып, мәдени инфрақұрылым саласындағы жобаларды жоспарлауға әлеуетті жекеше әріптестерді тарту мақсатында жобаларды іске асыру нұсқаларын жинау үшін әлеуетті жекеше әріптестердің мүдделерін білдіруге сұрау салу туралы хабарлайды:
- «Мәңгілік ел» Триумфалды қақпасын сенімді басқаруға беру;
- «Атамекен» Қазақстан Картасы Этно-мемориалдық кешенін сенімгерлік басқаруға беру.
Жобалармен кейіннен пайдалану үшін «Мәңгілік ел» Триумфалды қақпасы мен «Атамекен» Қазақстан Картасы» Этно-мемориалдық кешенін сенімгерлік басқаруға беру алдын ала болжанып отыр.
Негізгі параметрлері:
«Мәңгілік ел» Триумфалды қақпасы»:
Көрме залы:
бірінші қабат, жалпы ауданы – 118,2 ш. м. (орынжай-84 ш. м.);
үшінші қабат (екі галерея орналасқан) жалпы ауданы – 111,3 ш. м. (орынжай – 45,9 ш. м., орынжай-38,1 ш. м.)
Қарау алаңы:
тұрақты панорамалық бинокльдермен жабдықталған;
жалпы ауданы-215,8 ш. м.
Жерасты өткелі:
шағын бутиктерді орналастыру және LED экрандарды орнату мүмкіндігі;
жалпы ауданы-2012,2 ш. м.;
жерасты өткелі - 907,4 ш. м.
«Атамекен» Қазақстан картасы» Этно-мемориалдық кешені:
жер учаскесінің жалпы ауданы-4,3 га;
макеттер алатын алаң-1,7 га;
жалпы ауданы 765,3 ш.м. бір қабатты ғимарат, салынған жылы – 2001 ж.
макеттердің жалпы саны – 416.
Жобаны іске асыру кезеңі конкурстық құжаттамада айқындалатын болады.
Сұрау салу бойынша осы жобаға қызығушылық білдіру ұсыныстарын мына мекенжай бойынша ұсынылсын: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 7 қабат, каб. 744.
Ұсыныстарды ұсыну мерзімі: 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданады.
Толық ақпаратты «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы» ММ 8 (7172) 55-67-76 телефоны бойынша Марденова А. және «AstanaInvest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығында Шәріпов А. 8 (7172) 64 72 12 телефоны бойынша алуға болады.
Әкімдік «Астана қаласында көшелерді ақылды жарықтандыруды құру және пайдалану» МЖӘ жобасында жеке серіктестерді іріктеуге тендер жариялайды
2019 жылғы 15 қаңтарда Астана қаласының әкімдігі, "Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ атынан, 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 "Астана қаласында ақылды көше жарығын құру және пайдалану"мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы бойынша жеке серіктестерді таңдау бойынша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
МЖӘ жобасының объектісі:
Астана қаласында ақылды көше жарықтандыру жүйесі, оны құру және пайдалану конкурстық құжаттамада көзделген.
Конкурсқа "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында және жекеше әріптесті таңдау бойынша конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі.
Конкурсқа қатысу және ұйымдастырушыға ұсыну үшін қажетті құжаттар тізбесі мен әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Конкурстық құжаттама пакетінің көшірмесін осы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап сағат 8-30-дан 13-00-ге дейін және 14-30-дан 18-00-ге дейін мына мекен-жай бойынша алуға болады: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 606а-бөлме.
Конкурстық құжаттама көшірмелерінің пакеті тегін беріледі.
Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді, сондай-ақ біліктілігі бойынша іріктеуге арналған құжаттарды желімделген конверттерге салып, әлеуетті қатысушылар "Астана қаласының отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ-не мына мекен-жай бойынша: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, № 606а кабинетке табыс етеді.
Әлеуетті жекеше әріптестің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі – Астана қ.уақыты бойынша сағат 12.00-ге дейін қоса алғанда 2019ж.
Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі – Астана қаласы уақыты бойынша сағат 12.00-ге дейін қоса алғанда 2019ж.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 11, № 611 кабинет мекен-жайы бойынша Астана қ.уақыты бойынша сағат 15.00-де жүзеге асырылады.
*Анықтамалық ақпаратты "AstanaInvest "қалалық инвестицияларды дамыту орталығы" ЖШС-нен телефон арқылы алуға болады 8 (7172) 64 72 07, +77052925719.
Астана әкімдігі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру үшін инвесторларды іздеуде
Астана қаласының әкімдігі әлеуетті жекеше әріптестерді тарту мақсатында Астана қаласындағы білім саласындағы МЖӘ тетігі қолданылатын жобаларды талқылауға (бәсекелі диалог құруға) шақырады:
Бәсекелі диалог, әрбір мүдделі әлеуетті жеке әріптестің қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, жобаның техникалық, қаржылай, заң және өзге де қажетті параметрлерін қалыптастыру үшін ұйымдастырылады.
*Егжей-тегжейлі ақпаратты «AstanaInvest» Қалалық инвестиция дамыту орталығынан келесі телефондар бойынша алуға болады: 8 (7172) 64 72 12, 8 (775) 474 47 77 Асхат Шарипов.
Астана қ. әкімдігі «Астана қаласының білім басқармасының «Гуманитарлық колледж» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына сенімгерлік басқаруға беру» жоба бойынша жеке әріптес тандау конкурсы туралы хабарлайды
Астана қаласы әкімдігі, 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 мекен-жайында орналасқан «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ атынан «Астана қаласының білім басқармасының «Гуманитарлық колледж »мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына сенімгерлік басқаруға беру» жоба бойынша 2018 жылының 29 тамызында жарияланған жеке әріптес тандау конкурсы туралы хабарлайды.
МЖӘ жоба объектілері:
Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 32 бабында көрсетілген біліктілік талаптарына және концессионерді таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға жауап беретін барлық әлеуетті жекеше әріптестер жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушыға ұсынылатын қажетті құжаттар тізімдемесі және әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Төмендегі көрсетілеген мекен-жайлар бойынша: конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған кезден бастап, сағат 8.30-дан 13.00-ге және 14.30-ден 18.00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қошқарбаев көшесі 1/2, «ASTANA INVEST» Қалалық Инвестицияларды Дамыту Орталығы» ЖШС № 302 кабинете конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетін алуға болады.
Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакеті тегін беріледі.
Жекеше әріптестер конкурсқа қатысуға арналған конвертке жапсырылған конкурстық өтінімді Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, № 119 кабинет «Астана қаласының білім басқармасы» ММ мекен-жайына қолма-қол тапсырады.
Біліктілік талаптарына сай жекеше әріптестік әлеуетті сай екендігін растайтын құжаттарды ұсынудың ақырғы мерзімі 2018 жылдың 18 қыркүйегі, Астана қаласының уақыты бойынша 15.00-ге дейін.
Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерді ұсынудың ақырғы мерзімі 2018 жылдың 3 қазаныңда, Астана қаласының уақыты бойынша 13.00-ге дейін.
Конкурстық өтінім салынған конверттерді ашу Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, 119 кабинет мекен-жайында 2018 жылдың 3 қазаныңда Астана қаласының уақыты бойынша 15.00-де жүзеге асырылады.
*Анықтамалық ақпаратты «ASTANA INVEST» Қалалық Инвестицияларды Дамыту Орталығы» ЖШС 8 (7172) 647207, +77052925719 телефондары телефондары бойынша алуға болады.
Әкімшілік «Астана қаласында ақылды көше жарықтандыруын жасау және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жеке әріптесті таңдау бойынша сайыс өтетіндігі туралы хабарлайды
2018 жылдың 22 маусымында Астана қаласының Әкімшілігі, «Астана қаласы отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» МБ атынан, 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бейбітшілік к-сі 11, «Астана қаласында ақылды көше жарықтандыруын жасау және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жеке әріптесті таңдау бойынша сайыс өтетіндігі туралы хабарлайды.
МЖӘ жобасының объектісі:
Сайысқа «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32 б. Және жекешелік әріптесті таңдау бойынша сайыс құжаттамасында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі.
Қатысу және сайыс ұйымдастырушысына ұсыну үшін әлеуетті қатысушыларға талаптар мен қажетті құжаттардың тізімі сайыс құжаттамасында көрсетілген.
Сайыс құжаттамасы көшірмелерінің пакетін сағат 8-30 бастап 13-00 дейін және сағат 14-30 бастап 18-00 дейін сайысты өткізу туралы осы хабарландыруды жариялау сәтінен бастап келесі мекен-жай бойынша алуға болады: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қошқарбаева к-сі ½, 302 каб., «AstanaInvest» Қалалық инвестицияларды дамыту орталығы».
Сайыс құжаттамасы көшірмелерінің пакеті тегін түрде беріледі.
Сайысқа қатысуға сайыстық өтініштер, сонымен қатар конверттерге салынған біліктілік іріктеуге арналған құжаттар әлеуетті қатысушылармен «Астана қаласы отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқарамасы» МБ арнайы түрде келесі мекен-жай бойынша беріледі: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бейбітшілік к-сі 11, №611 каб.
Әлеуетті жекешелік әріптестің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды тапсыру мерзімі – Астана қ. уақыты бойынша 2018 ж. 31 шілде сағат 15.00 дейін.
Сайысқа қатысу үшін сайыс өтініштерін берудің соңғы мерзімі - Астана қ. уақыты бойынша 2018 ж. 31 шілде сағат 11.00 дейін.
Сайыстық өтініштер салынған конвертті ашу Астана қ. уақыты бойынша сағат 15.00, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бейбітшілік к-сі 11, №611 кабинет мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
*Анықтамалық ақпаратты «AstanaInvest» Қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС келесі телефон бойынша алуға болады: 8 (7172) 64 72 07, +77052925719.
Белгілідей, жақын арадан бері инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында демеушілік және ынтымақтастық мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) түрінде ұсынылатын болды. Осы тұрғыда, МЖӘ механизмін мәнін білдіруге негіз болатын бастапқы қағидаттар, постулаттар заңнамалық түрде базалық қағидалар түрінде бекітілген.
МЖӘ – бұл мемлекетпен жоғарыда аталған қағидаларға сәйкес келетін, қандай да стратегиялық немесе бюджеттік жоспарлау міндеттерін шешу үшін бизнес ресурстарын тартуға арналған құрал. Қазақстанда МЖӘ қатаң анықталған постулаттарға негізделеді.
Постулат №1: Теңгерімділік қағидасы
Осындай постулаттардың негізгісі «теңгерімділік қағидасы» болып табылады. Осы қағиданы МЖӘ жобасын жүзеге асыру барысында мемлекеттік әріптес пен жекешелік әріптестің арасында міндеттерді, кепілдіктерді, тәуекелдерді және кірістерді өзара тиімді бөлу ретінде түсіну қажет.
Тәжірибеде аталған қағиданы жүзеге асыру тәуекелдерді минималды шығындармен оларды ең ұтымды жолмен басқара алатын тарапқа жүктеу шартымен оларды жобаның қатысушылары арасында әділ бөлуді білдіреді.
Айта кететін жайт, жекешелік әріптес кәсіпкерлік және құқықтық тәуекелдердің минималды мүмкін деңгейімен тұрақты кіріс алу мүмкіндігі болған жағдайда осы жобаға мүдделі болады, себебі жекешелік әріптес қарыз қаржыландыруды тартады және кредиторлардың арасында жауапкершілікте болады.
Постулат №2: Сайыстық қағидасы
Біздің заңнамада «сайыстық қағидасы» МЖӘ туралы заңнамамен белгіленген жағдайлардан бөлек, жекешелік әріптесті сайыстық негізде анықтау ретінде түсініледі.
Мемлекеттік емес басқару субъектілерінің қатарынан әріптесті таңдаудың «ашықтық» қағидасы экономика саласында жиі кездеседі. Нақты осы салада көпшілік билік органдарының әріптестері, белгілідей, сайыстық ресімдерді өткізудің нәтижесінде пайда болады.
Постулат №3: Нәтижелілік қағидасы
«Нәтижелілік қағидасы» МЖӘ туралы заңнамада – бұл МЖӘ нәтижелеріне жетуді бағалауға мүмкіндік беретін критерийлер мен көрсеткіштерді белгілеу.
Шетелдік тәжірибеге сәйкес жағымды нәтиже алудың сенімділігі жобаны уақытылы жүзеге асыру (жекешелік сектордағы әріптес шығындардың деңгейін минималдау және пайда алуды бастау үшін жобаны барынша жылдам аяқтауға мүдделі), сонымен қатар келісімшартта белгіленген инвестициялар мен ағымдық шығындар өтемақысын қайтару тәртібі (төлемдердің кестесі және көлемі жоба басталар алдында бекітіледі, бұл инвестор мен қоғамды қызметтер құнын көтеру немесе төмендету тәуекелдерінен қорғайды) жолымен қамтамасыз етіледі.
Постулат №4: Реттілік қағидасы
Және соңғысы, өзара қатынастарды тұрғызудағы реттіліктегі «реттілік қағидасын» Еуропалық одаққа мүше-мемлекеттердің арасында тек Қазақстанда ғана әріптестердің қағидатты маңызды тәсілі ретінде мойындады.
Осы жағдай МЖӘ туралы заңнамада МЖӘ субъектілерінің арасында өзара қатынастарды сатылы тұрғызуға аса назар аударылатындығын көрсетеді.
Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған индустриалды-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау шаралары:
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, тұрақтылықты нығайтуға, елде ұлттық, сондай-ақ шетел инвесторларының бизнес жүргізуіне қолайлы жағдайларды дамытуға бағытталған.
ҰКП негізгі қызметтері:
Сонымен қатар, лттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық бизнестің мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуын көздейді. Мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқаруда іскерлік ортаның мүддесін қорғайды, ҰКП шет елдердің бизнес қауымдастықтарымен байланысты кеңейту және нығайтуда, сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы интеграциялық үрдістерде отандық бизнеске қолдау көрсетеді.
Ұлттық Байланыс Орталығы (ҰКО) ЭЫДҰ нұсқаулығына сәйкес жауапты бизнес жүргізу қағидаттарын бұзатын бизнеске қатысты қоғамдық шағымдарды қараудың ерікті, соттан тыс механизмі болып табылады. Бұл тараптардың сындарлы диалог алаңы, туындаған мәселелерді талқылап, өзара келісімге келу жолдарын қарастырады.
Қазақстандағы ҰКО функциялары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелген.
NCC алқалы кеңесші орган болып табылады. Төраға – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі. ҰҚК құрамы ұлттық экономика, әділет, сыртқы істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, «Атамекен» АЭС-тің, үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіподақтардың өкілдерінен тұрады.
ҰКК хатшылығы – «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы.
ҰКО мен Қазақстан азаматтарының өзара әрекеттесу процесі
ҰҚК-ге өтініштерді қарау процесі үш кезеңнен тұрады:
Біріші кезең – шағымды алдын ала бағалау.
Бұл кезеңде ҰҚК өтінішті Нұсқаулықтарды қолдану аясына және ҰҚК құзыреттеріне сәйкестігін бағалайды:
тараптардың әрқайсысымен жеке кездесулер өткізеді
жарамдылығын тексереді,
екі тараппен байланысады және істі қарауға қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім шығарады.
Екінші кезең – корпусты өндіріске қабылдау.
ҰКК іс бойынша мемлекеттік органдармен, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен, еңбек ұйымдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, сарапшылармен, елдерде жұмыс істейтін ЭЫДҰ ҰКП-мен консультациялар жүргізеді.
Үшінші кезең – апелляцияға қорытынды баға беру.
ҰҚК-де іс жүргізу іс бойынша қорытынды бағалауды дайындау және жариялаумен аяқталады.
NCC ашықтық кепілі болып табылады.
Соңғы үш онжылдықта халықаралық бизнес орта бірқатар маңызды құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Мыңжылдықтың тоғысынан бері жаһандық экономиканың қозғаушы күші халықаралық инвестиция болды, соның арқасында үкіметтер нарықтар ашты және бизнес бұрын-соңды болмаған экономикалық өсуге әкелген жаңа мүмкіндіктерді пайдаланды.
2017 жылғы маусымда Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Инвестициялар жөніндегі комитетінің қауымдастырылған мүшесі болды, ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындар туралы декларациясына қосылған 48-ші ел болды. Комитетке қосылу шеңберінде Қазақстан Үкіметі бірқатар міндеттемелерді қабылдады, соның ішінде ЭЫДҰ нұсқаулығына сәйкес жауапты бизнес жүргізу қағидаттарын тарату.
Нұсқаулықтар кез келген жолмен қызметі бір мемлекеттің шекарасынан тысқары жерлерге тарайтын кәсіпорындарға үкіметтер жіберетін жауапты бизнес жүргізуге қойылатын талаптар болып табылады. Бұл адам құқықтары, жұмысшылардың құқықтары мен еңбек қауіпсіздігі, сондай-ақ ақпаратқа қолжетімділік, салық салу және қоршаған ортаны қорғау мәселелерінен бастап салалардағы қағидаттар мен стандарттар жиынтығы.
Бүгінгі таңда ҰКО әлемнің 49 елінде тиімді жұмыс істейді, олардың үлесіне тікелей шетелдік инвестицияның 80%-ға жуығы келеді. Мемлекетте бұл органның болуы туындайтын дауларды қараудың ашықтығының кепілі болып табылады. NCC қызметінің тиімді, ашық және танымал механизмі ашық халықаралық инвестициялық ахуалдың маңызды элементі болып табылады.
Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығы туралы толығырақ ақпаратты Министрліктің https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/activities/6109?lang=ru ресми сайтында және ведомствоның сайтында білуге болады. NCC: http: //economic.kz/ru/OESR/Nacionalnyj_kontaktnyj_centr/Ob_NKC/
Іске асырудың негізгі құралдары
Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау:
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, мемлекет номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Ұлттық Банкімен белгіленген базалық пайыздық мөлшерлемеден аспайтын және 5 пайыздық тармаққа өскен несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялайды.
Яғни, бүгінгі күні базалық мөлшерлеме - 9% + 5% = 14%, кәсіпкер төлеуі тиіс ақырғы мөлшерлеме, бағдарламаның бағытына байланысты субсидияланады:
Несиелік кепілдік:
Кепілдік жаңа тиімді инвестициялық жобаларды іске асыру үшін берілген жаңа несиелер үшін, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларға ғана беріледі.
Кепілдеме мөлшері:
Екінші бағытта экономиканың басым секторларында жұмыс жасайтын кәсіпкерлер:
Кепілдік мерзімі – несие мерзімінен аспайды.
Мемлекеттік гранттар:
Шағын бизнеске, оның ішінде бастаушы жас кәсіпкерлерге, жаңа бастаған кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға және 50 жастан асқан адамдарға бағдарлама аясында экономиканың басым секторларында, сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіптер мен жекелеген типтерде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар ұсынылады. Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қызметтер.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін бір шағын кәсіпкерлік субъектісіне берілетін мемлекеттік гранттың максималды мөлшері 5 млн. теңгеден аспауы керек.
www.damu.kz
Инвестормен ынтымақтастық схемасы:
Бірлескен кәсіпорын құру:
Бірлескен қызмет туралы келісім (БҚ):
Көп функционалды тұрғын үй кешені бойынша бірлескен қызмет туралы келісім:
«Астана» ӘКК «АҚ мен Инвестордың активтері: ақшалай қаражат, жылжымайтын мүлік, жер және басқа өтімді активтер болуы мүмкін.
www.astana-spk.kz
Миссиясы:
Компанияның рөлі:
Инвестициялық жобаларды іске асырудың перспективалары мен жағдайларын талқылау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүддесін білдіретін бірыңғай келіссөз жүргізуші;
Маркетинг және насихаттау:
Қолдау шаралары:
25-е
орында Doing Business дүниежүзілік банктің рейтингінде бизнесті жүргізу шарттары бойынша
№7
миноритарлық инвесторларды қорғау бойынша
№4
келісім-шарттардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша
№18
«Мүлікті тіркеу» индикаторы бойынша
Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім
Инвестордың құқықтары мен мүдделерi толық және сөзсiз қорғалады, ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және Республиканың өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен қамтамасыз етiледi.
Инвестордың мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келмейтiн актiлер шығаруы салдарынан, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) салдарынан өзiне келтiрiлген-зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес өтеткiзуге құқығы бар.
Шарттарға өзгерiстер тараптардың келiсiмi бойынша енгiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы инвесторлар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары арасында жасалған шарттар талаптарының тұрақтылығына кепiлдiк бередi.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес 29 қазан 2015 ж. № 375-V SAM
Жобаны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іске асырады
Жобаны іске асыру шеңберінде инвестор:
2017 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы ЭЫДҰ-ның Халықаралық инвестициялар және трансұлттық кәсіпорындар туралы декларациясына қосылды және ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің қауымдастырылған мүшесі болды.
ЭЫДҰ сарапшыларымен бірлесіп Қазақстанның инвестициялық саясатына екі шолу жүргізілді және ұйымның стандарттарына сәйкес инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жұмыс жүргізілді. Қазақстанның халықаралық инвестициялар және көп ұлтты кәсіпорындар жөніндегі ЭЫДҰ Декларациясына қосылуы, сондай-ақ ЭЫДҰ Инвестициялар комитетіне қауымдастырылған мүшелік Қазақстан Республикасындағы іскерлік ортаның, бәсекелестіктің және инвесторлардың құқықтарын қорғаудың жоғары деңгейінің көрсеткіші болып табылады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің деректері бойынша